О внесении изменения и дополнений в решение ХVІІ сессии областного маслихата от 16 октября 2009 года № 250-ІV "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение ХVІІ сессии областного маслихата от 16 октября 2009 года № 250-ІV "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) "Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 381-IV
- Қабылданған күні
- 03.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 56059_841135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10T0002578
- ЭКБ идентификаторы
- 56059
- Редакция идентификаторы
- 56059_841135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:03
0 Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) "Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын
бекіту туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 07.09.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы № 313 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысын қарап, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХV сессиясында ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 рет санымен тіркелген, 2009 жылы 1 желтоқсанда "Атырау" газетінде № 143 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1, 11-1, тармақтарымен толықтырылсын;
"2-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін";
11-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады";
17 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"17. Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін берілген тұлғалардың отбасылары куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын".