Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение ХІ-ой сессии маслихата города Алматы ІV-го созыва от 2 июля 2008 года № 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"

Ереже · № 220 · қабылданған 25.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/v-2-2008-no-119/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение ХІ-ой сессии маслихата города Алматы ІV-го созыва от 2 июля 2008 года № 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы" Күшін жойған Ереже ·№ 220 ·25.06.2009
14.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение ХІ-ой сессии маслихата города Алматы ІV-го созыва от 2 июля 2008 года № 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"

Күшін жойған Ереже ·№ 220 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение ХІ-ой сессии маслихата города Алматы ІV-го созыва от 2 июля 2008 года № 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"
Атауы (қаз.)
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі "Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы" № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
220
Қабылданған күні
25.06.2009
Көрсетілген редакция
14.09.2018 47114_360319.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09R000819_
ЭКБ идентификаторы
47114
Редакция идентификаторы
47114_360319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:52

0 IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі "Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы" № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына және Алматы қаласы әкімінің ұсынысына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» № 119 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 14 тамызында № 781 нөмірмен тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 95 санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 100 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерінің:
11 тармағының:
«1 тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:
1) жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:
Тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады;
Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға актілерді рәсімдеу мен рұқсаттарды беру, тексеру жүргізу, рұқсат материалдарын дайындауды жүзеге асырады (№ 1, № 2, № 3 қосымшалар).
1) тармақшадағы талаптар Осы ережелердің 44, 45, 46 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды»;
14 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарының көшірмесін уәкілетті орган жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудан әкімдіктеріне жібереді».
18 тармақтағы:
«уәкілетті орган жүзеге асырады» сөздері «бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер жүзеге асырады» сөздерімен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы 49-1 тармағымен толықтырылсын:
«49-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері – аудандық әкімдіктер бюджет қаржысына жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;
2) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектерді отырғызу сызбасы көрсетілген, жобалық көгалдандырудың жоспары;
3) көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.
Жасыл желектердің санын, тұқымдық құрамын, сапасын Ережелердің 19 тармағына сәйкес анықталған, арнайы мамандандырылған ұйымдарды қатыстыра отырып, бағдарламалардың әкімгерлері өз бетінше анықтайды».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Шормановқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

Қолданыстағы