Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение ХХХ сессии Карагандинского городского маслихата V созыва от 23 декабря 2013 года № 265 "Об утверждении Регламента Карагандинского городского маслихата"

Өзге акт · № 375 · қабылданған 27.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/v-23-2013-no-265/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение ХХХ сессии Карагандинского городского маслихата V созыва от 23 декабря 2013 года № 265 "Об утверждении Регламента Карагандинского городского маслихата" Күшін жойған Өзге акт ·№ 375 ·27.11.2014
11.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение ХХХ сессии Карагандинского городского маслихата V созыва от 23 декабря 2013 года № 265 "Об утверждении Регламента Карагандинского городского маслихата"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 375 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение ХХХ сессии Карагандинского городского маслихата V созыва от 23 декабря 2013 года № 265 "Об утверждении Регламента Карагандинского городского маслихата"
Атауы (қаз.)
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XХХ сессиясының № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
375
Қабылданған күні
27.11.2014
Көрсетілген редакция
11.10.2017 85416_278241.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KA002897
ЭКБ идентификаторы
85416
Редакция идентификаторы
85416_278241
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:48

0 V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XХХ сессиясының № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1.

Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XXX сессиясының № 265 «Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2528 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы № 015 (1249) «Взгляд на события» газетінде, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентінде:
мемлекеттік тілдегі 5 тармақта сөйлемнің соңында «.» тыныс белгісі қойылсын;
11 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. Сессияның күн тәртібін мәслихат жұмысының келешекті жұмыс жоспарының, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутаттар және Қарағанды қаласының әкімі ұсынған мәселелердің негізінде сессияның төрағасы қалыптастырады.
Сессияның күн тәртібін талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.
Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша жеке өткізіледі. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.»;
21 тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Тартылған тұлғалар қол қойылған және мөрмен (болған жайғдайда) куәландырылған жазбаша қорытындыларын ұсынады.»;
мемлекеттік тілдегі 22 тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«22. Мәселені немесе шешім жобасын алдын-ала қарау тапсырылған мәслихат немесе тұрақты комиссиялар, сондай-ақ ол құратын уақытша комиссиялар шешім жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуі, осы жобалар бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың пікірлерін сұрау, дайындалатын мәселелерді халықпен, қоғамдық бірлестіктермен алдын-ала талқылауы мүмкін.»;
39 тармақ алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі 51 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

4 «4) мәслихат аппаратының қызметін басқарады, оның қызметкерлерін жұмысқа алып, жұмыстан босатады;».

2 2.

Осы шешімнің орындалуын бақылау адам құқығы, заңдылық, этика, марапаттар, регламент, атау және қайта атау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Қадырбек Сағашұлы Әбдіров) жүктелсін.

3 3.

Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы