О внесении изменений в решение внеочередной ХХІ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 ноября 2013 года № 183 «Об установлении размеров социальной помощи и определении перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение внеочередной ХХІ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 ноября 2013 года № 183 «Об установлении размеров социальной помощи и определении перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 10.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2016 85711_300822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001117
- ЭКБ идентификаторы
- 85711
- Редакция идентификаторы
- 85711_300822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:38
0 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
ХХІ сессиясының 2013 жылғы
28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. V.сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
3 тараудың тақырыбындағы «ай сайынғы» деген сөздер «мерзімді» деген сөзімен ауыстырылсын;
3 тараудың 7 тармағындағы «ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі» деген сөздер «жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Е. Әлиқұлов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова