О внесении изменений в решение внеочередной ХХІ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 ноября 2013 года № 183 «Об установлении размеров социальной помощи и определении перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение внеочередной ХХІ-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 ноября 2013 года № 183 «Об установлении размеров социальной помощи и определении перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 10.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2016 85711_300822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001117
- ЭКБ идентификаторы
- 85711
- Редакция идентификаторы
- 85711_300822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:38
0 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
ХХІ сессиясының 2013 жылғы
28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. V.сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
3 тараудың тақырыбындағы «ай сайынғы» деген сөздер «мерзімді» деген сөзімен ауыстырылсын;
3 тараудың 7 тармағындағы «ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі» деген сөздер «жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Е. Әлиқұлов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова