О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата (ХІ сессия V созыв) от 6 декабря 2012 года № 121/11 «Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата (ХІ сессия V созыв) от 6 декабря 2012 года № 121/11 «Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХІ сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 121/11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 406/46
- Қабылданған күні
- 10.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2018 97210_302084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004881
- ЭКБ идентификаторы
- 97210
- Редакция идентификаторы
- 97210_302084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:09
0 Облыстық мәслихаттың
(V сайланған ХІ сессиясы)
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
«Павлодар облысында жылу беру
маусымына дайындық және оны
өткізу қағидаларын бекіту туралы»
№ 121/11 шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХІ сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы «Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 121/11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3319 тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда, «Звезда Прииртышья» газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және өткізу қағидасының кіріспесінде «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» № 10 бұйрығының» деген сөздер мен сандар «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Электр
энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 143 бұйрығы» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
15-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Иелігінде жылу және электр желілері бар ұйымдар сол желілердің күзет аймақтарында оларды жөндеуге қажетті жұмыстарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 231 бұйрығына сәйкес жүргізеді.»;
21-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» № 55 бұйрығына сәйкес береді.».