О внесении изменения в решение областного маслихата (VІ сессия, VІ созыв) от 17 августа 2016 года № 56/6 «Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата (VІ сессия, VІ созыв) от 17 августа 2016 года № 56/6 «Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы (VI сайланған VI сессиясы) «Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы» № 56/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 72/9
- Қабылданған күні
- 06.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2021 108699_519452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005316
- ЭКБ идентификаторы
- 108699
- Редакция идентификаторы
- 108699_519452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:03
0 Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы
17 тамыздағы (VI сайланған VI сессиясы)
«Павлодар облысы елді мекендерінің
аумағында жануарларды ұстау
қағидаларын бекіту туралы» № 56/6
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы «Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы» № 56/6 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 52/37 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 38 «Регион.kz» газетінде жарияланған) шешімініне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларындағы «Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері» 6 тарауы алынып тасталсын.