Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение ХХVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года №26/223 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 36/309 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/vi-25-2014-no26223/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение ХХVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года №26/223 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 36/309 ·22.12.2015
24.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение ХХVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года №26/223 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 36/309 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение ХХVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года №26/223 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" №26/223 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/309
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
24.11.2023 98311_670859.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KQ003631
ЭКБ идентификаторы
98311
Редакция идентификаторы
98311_670859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:54

0 Шет аудандық мәслихатының

2014 жылғы 25 қарашадағы
ХХVI сессиясының "Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы"
№26/223 шешіміне өзгеріс және толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" №26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы №01 (10517) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары:
келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеледі.";
келесі мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке
қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі
қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";
келесі мазмұндағы 26-2 тармақпен толықтырылсын:
"26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" №88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10474 болып тіркелген).";
келесі мазмұндағы 26-3 тармақпен толықтырылсын:
"26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";
келесі мазмұндағы 27-4 тармақпен толықтырылсын:
"26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";
30 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы