О внесении изменений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года N 60 "Об утверждении ставок платы за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2008 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года N 60 "Об утверждении ставок платы за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2008 год"
- Атауы (қаз.)
- IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60 "Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 14.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2009 37649_181451.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08R000768_
- ЭКБ идентификаторы
- 37649
- Редакция идентификаторы
- 37649_181451
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:15
0 IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60 "Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314
қаулысына
сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының "Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60
шешіміне
(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 763 рет санымен 2007 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсанда "Алматы ақшамы" газетінде N 156, 2007 жылғы 27 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газетінде N 307 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы және 1 тармағы төмендегідей редакцияда берілсін:
"Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін";
шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда берілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
4 ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VIІ сессиясының
2008 жылғы 14 қаңтардағы
N 75 шешіміне қосымша
"ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VI сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 60 шешіміне қосымша
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін
2008 жылға арналған төлемақы ставкалары
N
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкалары
1
Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары (1)*
теңге/
шартты тонна
642
2
Жылжымалы көздердерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:
Этилденбеген бензин үшін
теңге/тонна
890
дизель отыны үшін
теңге/тонна
1411
сұйылтылған газ үшін
теңге/тонна
800
сығындалған газ үшін
теңге/тонна
540
3
Ластаушы заттардың төгінділері:
- су көздеріне
(2)*
теңге/
шартты тонна
15654
- жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне
теңге/
шартты тонна
11844
4
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар
(3)*
теңге/тонна
770
5
Өнеркәсіптік қалдықтар
- өндіріс және тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру:
"қызыл" тізім
8332
"янтарь" тізім
4166
"жасыл"тізім
1041,5
біліктіліктел-мегендер
521
Бұдан басқа:
аршынды жыныстар (4)*
теңге/тонна
10,7
байыту шлактары, шламдары, қалдықтары (4)*
109,5
күл мен күлшлактар (4)*
1536
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары
512
6
Радиоактивті қалдықтар:
трансуранды қалдықтар
теңге/Гига-
Беккерель
2054
альфа-радиактивті қалдықтар
теңге/Гига-
Беккерель
1027
бета-радиоактивті қалдықтар
теңге/Гига-
Беккерель
103
шынақты радиоактивті көздер
теңге/Гига-
Беккерель
1027
Ескертпе*:
1 1) ISO 14001:2400 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
1- 0,75 коэффициенті;
4 - 0,75 коэффициенті;
2 2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субьектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
1 - 0,3 коэффициенті;
2 - 0,43 коэффициенті;
4 - 0,25 коэффициенті;
3 3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3- 0,2 коэффициенті;