Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение VIII-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 16 сентября 2016 года № 32 «Об установлении размеров социальной помощи и определение перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Өзге акт · № 68 · қабылданған 09.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/viii-vi-16-2016-no-32/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение VIII-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 16 сентября 2016 года № 32 «Об установлении размеров социальной помощи и определение перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Өзге акт ·№ 68 ·09.12.2016
17.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение VIII-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 16 сентября 2016 года № 32 «Об установлении размеров социальной помощи и определение перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 68 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение VIII-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 16 сентября 2016 года № 32 «Об установлении размеров социальной помощи и определение перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68
Қабылданған күні
09.12.2016
Көрсетілген редакция
17.04.2018 108427_316459.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16R0001337
ЭКБ идентификаторы
108427
Редакция идентификаторы
108427_316459
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:59

0 VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1321 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) аталған шешімнің 1 қосымшасындағы:

9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтарға жыл сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төлеумен тағайындалады.»;

2 2) аталған шешімнің 2 қосымшасындағы:

15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«15. Емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтар.».

2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

1 1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2 2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковқа жүктелсін (келісім бойынша).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Енгізуші:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
А. Ахметова
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары
Р. Тауфиков
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы
М. Сембеков
Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
Ж. Мұхамеджанов
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
У. Ахметов

Қолданыстағы