О внесении изменении в решение внеочередной X сессии районного маслихата от 21 ноября 2012 года N 86 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение внеочередной X сессии районного маслихата от 21 ноября 2012 года N 86 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс X сессиясының N 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 204
- Қабылданған күні
- 21.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2015 AI77886_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LH004611
- ЭКБ идентификаторы
- 77886
- Редакция идентификаторы
- AI77886_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:47
0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс X сессиясының N 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 2-бабының 7) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 Қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының N 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда N 4367 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 27 желтоқсанда N 106 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
3
"3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі."
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХVІ
сессиясының төрағасы
Р. Есенов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Маншарипов