О внесении изменений и дополнений в решение XI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года № 118 "Об утверждении Правил содержания животных в городе Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение XI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года № 118 "Об утверждении Правил содержания животных в городе Алматы"
- Атауы (қаз.)
- IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 118 "Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 10.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2013 42517_273064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08R000798_
- ЭКБ идентификаторы
- 42517
- Редакция идентификаторы
- 42517_273064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:46
0 IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 118 "Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының "Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 2 шілдедегі № 118 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 787 рет санымен 2008 жылдың 14 тамызында тіркелген, 2008 жылдың 28 тамызында "Алматы ақшамы" газетінің № 98 нөмірінде және 2008 жылдың 30 тамызында "Вечерний Алматы" газетінің № 104-105 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесіне:
7 тармақ келесі мәтіндегі абзацпен толықтырылсын "Иттер мен мысықтардың санын реттеу оларды иелерінің қалауы бойынша олардың есебінен ветеринарлық емханаларда зарарсыздандыру арқылы жүзеге асырылады";
22 тармақ алынып тасталсын;
17 тармақтың 7 тармақшасындағы үшінші абзац алынып тасталсын;
5 тараудың тақырыбы жаңа редакциядағы келесі мазмұнда жазылсын:
"5 тарау. Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесінің орындалуы";
33 тармақта:
"Пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй кооперативі, жеке жайлар иелері кооперативі, кондоминиумдар:" сөздері "Осы Ережелерді сақтауға өкілетті органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелері кооперативтері, тұрғын үй кооперативтері, жеке жайлар иелері кооперативтері, кондоминиумдар:" сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақша жаңа редакциядағы келесі мазмұнда жазылсын:
"1) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелері ұстайтын жануарлардың саны туралы мәліметтерді жинайды және оларды тіркеуді жүзеге асыру үшін өкілетті органдарға (тіркеу органдарына) береді;".