О внесении изменения в решение XII сессии Карагандинского областного маслихата от 14 марта 2013 года № 129 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение XII сессии Карагандинского областного маслихата от 14 марта 2013 года № 129 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессияның 2013 жылғы 14 наурыздағы № 129 «Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 14.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2024 194438_688608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24K0657109
- ЭКБ идентификаторы
- 194438
- Редакция идентификаторы
- 194438_688608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:37
0 Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессияның 2013 жылғы 14 наурыздағы №129 «Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессияның 2013 жылғы 14 наурыздағы №129 «Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2311 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессиясының 2013 жылғы 14 наурыздағы №129 шешімімен бекітілген Қарағанды облысындағы жылу маусымын дайындық және оны өткізу Қағидаларында 38 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«38. Нысандарды қысқы жағдайда пайдалану дайындығы дайындық актісімен расталып, рәсімделеді:
1) әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мекемелер) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1 қыркүйекке дейін;
2) тұрғын үйлер осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес, жылумен жабықтаушы ұйым нысандарының дайындығын тексеру актісі мен күзгі тексеру нәтижелері бойынша толтырылған көппәтерлі тұрғын үйлер мен ғимараттардың, үйішілік жүйелерінің жалпы тексеріс актісі негізінде 25 қыркүйекке дейін.
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындық паспорты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімде, нысанда және тәртіпте ресімделеді.
Энергия өндіруші ұйымдардың, оның ішінде қазандықтар және АЖЖ иелерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуы үшін, ұйым басшыларына сараптамалық ұйымдардың қорытындысын алу қажет.».