О внесении изменения и дополнения в решение Лебяжинского районного маслихата (XIII внеочердная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года № 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Лебяжинского районного маслихата (XIII внеочердная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года № 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған XIII кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/15
- Қабылданған күні
- 03.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2014 72176_186784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PI003511
- ЭКБ идентификаторы
- 72176
- Редакция идентификаторы
- 72176_186784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:20
0 Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған XIII кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат, ШЕШIМ ЕТЕДI:
1
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған ХІІІ кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3460 тіркелген, 2013 жылғы 07 наурыздағы "Аққу үні" № 10 газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
шешімнің 2–тармағында 1) тармақшаның екінші абзацында:
"68000" деген сандары "75000" деген сандарымен ауыстырылсын;
"көлемінде," деген сөзден кейін "азық-түлік жиынын сатып алу үшін - 5000 теңге көлемінде," деген сөздермен толықтырылсын.