О внесении дополнений в решение Лебяжинского районного маслихата (XIII внеочередная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года № 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Лебяжинского районного маслихата (XIII внеочередная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года № 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған XIII кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/19
- Қабылданған күні
- 22.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2014 73872_188049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PI003589
- ЭКБ идентификаторы
- 73872
- Редакция идентификаторы
- 73872_188049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:38
0 Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған XIII кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 - бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған ХІІІ кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 4/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3460 тіркелген, 2013 жылғы 07 наурыздағы "Аққу үні" - "Вести Акку" № 10 газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
6) тармақшасында келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"арбадағы мүгедек;";
2-тармақта:
2) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2) табысты ескермей:
біржолғы материалдық көмек:
1) тармақшада көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
пәтерлеріне ағымды жөндеу жасау 30000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
айдың 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
біржолғы материалдық көмек:
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға:
жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
әр айдын 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін (Ауған соғысының қатысушылары мен Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларынан басқалары) 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
тоқсан сайынғы материалдық көмек:
есептік тоқсанның 5-не дейін Ауған соғысының қатысушыларына және Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларына тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
біржолғы материалдық көмек:
4) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға (тек қана ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға) электрлі қуатты пеш орнату үшін нақты көлемі бойынша;
5) тармақшада көрсетілген санаттарға өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде санаторлы-курорттық ем алуға 49000 теңге көлемінде;
өтініш беруші санаторлы-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда, 10 күн ішінде алған әлеуметтік көмекті аудан бюджетіне қайтарады;
Астана қаласына экскурсияға бару үшін 27000 теңге көлемінде, өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
6) тармақшада көрсетілген санаттарға:
қатты отын сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
жазылу компаниясы кезеңінде облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
дәрі-дәрмек сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
нақты көлеміндегі шығындардың есебін көрсете отырып өз жеке ісін ашу үшін материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
6) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пандус құру үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
мектепке дейінгі мүгедек балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
бала-бақшаға баратын мектепке дейінгі балалардың мүгедек ата-аналарына бала-бақша төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
біржолғы материалдық көмек:
9) тармақшада көрсетілген санаттарға бас бостандығын айыру орнынан шыққан азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
кәсіби даярлау және қайта даярлау өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде есептік айдың 5-не дейін;
Бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
10) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға стационарлық емделуге мұқтаж азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
10) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Павлодар облысының СПИДпен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделудегі азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
11) тармақшада көрсетілген азаматтарға аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 121170 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай ауылдары – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге, Шақа, Шоқтал, Жабағлы - 200000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
12) тармақшада көрсетілген азаматтарға 200000 теңгеден бастап 400000 теңгеге дейін (аудандық орталығы дәрігерлеріне 200000 теңге; Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 300000 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш, Шақа, Шоқтал, Жабағлы – 400000) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
13) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жасау үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
13) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;";
бүкіл мәтін бойынша "15" деген санынан кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын.