О выполнении решения XIV сессии областного Маслихата от 30 декабря 1996 года «О ходе выполнения в области Указа Президента Республики Казахстан», имеющего силу Закона «О медицинском страховании граждан» Қолданыста
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 1996 жылғы 30 желтоқсандағы XIV сессиясының «Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар» «Азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру туралы» Жарлығының орындалу барысы жөніндегі» шешімінің іске асу жәйі туралы
Облыстық Мәслихаттың XXI сессиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру туралы» Жарлығы және облыстық Мәслихаттың XIV сессиясының бірге уақытта аталған Жарлықты жүзеге асыру бағытында бірқатар жұмыстардың жүргізілгенін атап өтеді.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық бөлімшесінің даму мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оны қаржыландыруды жақсарту мәселелері облыс, қала және аудан әкімдері алқа мәжілістерінде бірнеше рет қаралды.
Барлық емдеу-профилактикалық мекемелері лицензиялаудан өткізіліп, денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы өзгерту және оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік емес сектор жүйесінің дамуы жалғасуда, 59 жеке қызмет көрсетуші медицина және фармацевт қызметкерлері мен 5 заңды тұлғаға лицензия берілді. Халыққа 24 млн.теңге ақылы қызмет көрсетілді. 1997 жылдан жұмыс жасайтын халық үшін сақтандыру төлемдерін облыстық қаржы басқармасы ММС қоры облыстық бөлімшесіне тікелей облыстық бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асырып келеді. Облыс әкімі орынбасарының басқаруымен облыстық тарифтік келісім комиссиясы құрылды және 1998 жылға тарифтер бекітілді.
1998 жылдың 1 қаңтарына ММС қоры облыстық бөлімшесі бойынша 374165 адам (барлық халықтың 82,1 проц.) оның ішінде 98553 (75,8 проц.) жұмыс жасайтындар сақтандырылды, сақтандырушылардың әртүрлі категорияларымен 5064 келісім-шарт жасалып, сақтандыру жарналарын жинау және шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. 1996 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау мекемелерімен шарт жасасу саны 36 проц.өсті, қазір оның саны 26, оның ішінде 18-і мемлекеттік меншіктегі, 8-і мемлекеттік емес мекемелер.
ММС қоры облыстық бөлісмшесі бойынша 2 жыл 3 ай мерзім ішінде 759,9 млн.теңге немесе 81,1 проц.жұмыс берушілерден, 313 млн.теңге немесе жоспардан 36,1 проц. Атқарушы органнан жұмыс істемейтіндер үшін сақтандыру жарналары шоғырландырылды, сонымен қатар жеке кәсіппен шұғылданушылардың өздігінен сақтандыру жарналары есебінен 6 млн.теңге түсті.
ММС қоры облыстық бөлімшесінің құрылып, жұмыс жасаған мерзімінен бері барлық түсім 1089,2 млн.теңге құрайды, оның 971,5 млн.теңге қаржысы медициналық қызмет көрсету үшін өтелді, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің шығыны үшін 1768,1млн.теңге жоспарланды.
Соған орай, денсаулық сақтау жүйесі бюджеті қажеттілігінің 70 проценті бекітілді, бірақ жоспарланғаннан 55 проценті орындалып – іс жүзінде денсаулық сақтау ісі 38 проц.қаржыландырылды. Соның салдарынан 1258 керуеттер саны амалсыздан қысқартылып, 9 селолық учаскелік ауруханалар селолық амбулаторялық жүйеге көшіріліп, 27 фельдшерлік – акушерлік пункттер жабылып, штаттағы 760 медицина және қосымша медицина қызметкерлері қысқартылды. Нәтижесінде халықтың медициналық көмек алуға зәрулігі азайып, әлеуметтік тұрмыстық ауыртпалықтан туындаған ауру түрлерінің саны көбейіп отыр.
Есепті мерзім ішіндегі сараптамалардың нәтижесі – облыстағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жетілдірудегі кідірістердің басты себебі базалық бағдарламаның көлемінде бекітілген ММС қоры бюджетінің сәйкессіздігі, негізінен медициналық көмек алушылардың 70 проценті жұмыс жасамайтындар түзетін болғандықтан, сол бөлігі үшін сақтандыру жарналары түсімінің төмен дәрежеде екендігін көрсетіп отыр.
ММС қорынын Атырау бөлімшесі облыстық Мәслихаттың 1996 жылғы 30.12. XIV сессия шешімінің сақтандыру жарнасын толық жинауды және оны емдеу-профилактикалық мекемелерінде тиімді пайдалануды тапсырған 7 пункті, облыс әкімінің 1997 жылғы 29.09. № 513 шешімінің барлық учаскелік ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларды ММС қорымен тікелей келісім-шарттар жасау арқылы дербес қор ұстауға көшіру, қорды жоғары экономикалық және медициналық білімі бар білікті, дайындығы мол кадрлармен толықтыру туралы талаптары орындалмай қалған.
ММС қорынын облыстық бөлімшесі қалада, аудан орталықтарында және тұрғындар арасында өз жұмысын тиісті дәрежесінде жарнамаламай келеді.
Облыстық Мәслихаттың XXI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесінің (Родин А.П.) Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру туралы» Жарлығын және облыстық Мәслихат сессиясының осы мәселе жөніндегі шешімін орындаудағы жұмысы әлі де жеткіліксіз деп саналсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Шәнкиев А.Қ.) , қала және аудан әкімдері 1997 жылғы 27 желтоқсандағы облыстық Мәслихаттың сессиясында бекітілген жергілікті бюджеттің денсаулық сақтау ісіне жұмсалатын шығындарының орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 3
3. Міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесі (Родин А.П.) халықтың барлық санаттары үшін сақтандырушылардан сақтандыру төлемдерін толық жинау шараларын жүзеге асыратын болсын. Салық комитетінің аумақтық органдарымен бірлесе отырып сақтандыру жарналарының түсімінің жүйелі есебін жүргізіп, тұрақты түрде жарна төлемеушілерге Қазақстан Республикасы Заңдарының шеңберінде шаралар алатын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Нұрбердиев А.М.) мемлекеттік қаржы және материалдық бағалы заттарды тиімді пайдалануды жүзеге асыру, денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік емес секторын дамытуға жағдай жасау, міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық бөлімшесімен бірлесіп мемлекеттік және жекеменшік түріндегі медицина мекемелерінің жұмысына бақылауды күшейтетін болсын.
Тармақ 5
5. Қаржы бақылау комитетінің облыстықбасқармасына (Дәулетов Қ.С) қордың облыстық бөлімшесіне МСҚ-ның базалық бағдарламасын қаржыландыруға бөлінген ақшаның мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жасау тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат және ұлт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Кәрин Ж.М.) жүктелсін.