О внесении изменений и дополнения в решение XIX-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 августа 2013 года № 157 «Об утверждении Правил содержания кошек в городе Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение XIX-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 28 августа 2013 года № 157 «Об утверждении Правил содержания кошек в городе Алматы»
- Атауы (қаз.)
- V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының «Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 18.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2018 103428_320317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16R0001291
- ЭКБ идентификаторы
- 103428
- Редакция идентификаторы
- 103428_320317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:07
0 V сайланған Алматы қаласы мәслихаты
ХІХ сессиясының «Алматы қаласында
мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы»
2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының «Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 4 қазанда № 1003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы «Алматы ақшамы» № 124 және «Вечерний Алматы» № 128 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бас тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы»;
аталған шешіммен бекітілген, Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасындағы:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді.»;
2 тарау келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мысықтарды ұстау кезінде иелері келесі талаптарды сақтайды:
1) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды:
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төлі мен оның өткізілгені туралы;
жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады;
2) үй жануарларын уақтылы бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
3) биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жануарларды дұрыс тіршілігі үшін қеректі мөлшерде азықпен және сумен қамтамасыз ету, оларды қараусыз қалдырмау, жануарларға ізгілікпен қарау;
4) өздерінің үй жануарларының ветеринария-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тері-паразитарлық ауруларға және гельминттерге қарсы уақтылы вакцинация мен диагностиканы қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік ветеринариялық мал дәрігерлеріне олардың негізделген талабы бойынша клиникалық қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жұмыстарын жүзеге асыру үшін жануарларды кедергісіз көрсетеді.».
2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін (келісім бойынша).
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Е. Әукенов
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы
М. Сембеков
Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік- құқықтық
бөлімі басшысының
міндетін атқарушы
Ж. Мұхамеджанов
Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының
міндетін атқарушы
Ә. Сейдақматов