Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды»

Ереже · № 211 · қабылданған 11.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xli-27-2014-no-363-ekb-115702/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды» Күшін жойған Ереже ·№ 211 ·11.10.2017
27.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды»

Күшін жойған Ереже ·№ 211 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды»
Атауы (қаз.)
Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
11.10.2017
Көрсетілген редакция
27.09.2023 115702_657289.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KA004415
ЭКБ идентификаторы
115702
Редакция идентификаторы
115702_657289
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:40

0 Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) «Взгляд на события» газетінде жарияланған, 2015 жылғы 8 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
16-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«16. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.»;
27-1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Жайназаров
2017 жылғы 11 қазан

Қолданыстағы