Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского областного маслихата от 29 ноября 2011 года № 465 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду»

Өзге акт · № 593 · қабылданған 10.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xli-29-2011-no-465/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского областного маслихата от 29 ноября 2011 года № 465 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду» Күшін жойған Өзге акт ·№ 593 ·10.12.2020
14.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского областного маслихата от 29 ноября 2011 года № 465 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 593 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение XLI сессии Карагандинского областного маслихата от 29 ноября 2011 года № 465 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
593
Қабылданған күні
10.12.2020
Көрсетілген редакция
14.12.2023 149947_671978.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20K0006127
ЭКБ идентификаторы
149947
Редакция идентификаторы
149947_671978
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:12

0 Қарағанды облыстық мәслихатының

2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465
«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1903 болып тіркелді, «Орталық Қазақстан» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 216 (21204); «Индустриальная Караганда» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы, № 148 (21162) газеттерде жарияланды) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 576 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576 бабында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары ластағыш заттардың жеке түрлері бойынша Қарағанды облысы бойынша 1,4 есеге арттырылсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шешімнің орындалуын бақылау өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

0 Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары

Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 10
желтоқсаны
№ 593
Шешімге қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2011 жылғы 29 қарашадағы
ХLI сессиясының
№ 465 шешіміне қосымша
Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
4
1.
Күкірт тотықтары
14
2.
Азот тотықтары
10
3.
Шаң және күл
5
4.
Қорғасын және оның қосындылары
2790,2
5.
Күкіртсутек
86,8
6.
Фенолдар
232,4
7.
Көмірсутектер
0,224
8.
Формальдегид
232,4
9.
Көміртегі тотықтары
0,16
10.
Метан
0,014
11.
Күйе
12
12.
Темір тотықтары
21
13.
Аммиак
16,8
14.
Алты валентті хром
558,6
15.
Мыс тотықтары
418,6
16.
Бенз(а)пирен
697,62

2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Этилденбеген бензин үшін
0,462
2.
Дизель отыны үшін
0,63
3.
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін
0,336

3. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластаушызаттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Нитриттар
670
2.
Мырыш
1876
3.
Мыс
18762,8
4.
Оттегіне биологиялық қажеттілік
4
5.
Тұзды аммоний
34
6.
Мұнай өнімдері
268
7.
Нитраттар
1
8.
Жалпы темір
187,6
9.
Сульфаттар (анион)
0,4
10.
Өлшенген заттар
1
11.
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар
27
12.
Хлоридтер (анион)
0,1
13.
Алюминий
27

4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
1 тонна үшін
1 гигабек-керель (Гбк) үшін
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,19
1.2.
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар
1.2.1.
"қызыл" тізім
9,8
1.2.2.
"жақұт" тізім
5,6
1.2.3.
"жасыл" тізім
1,4
1.2.4.
сыныпталмағандар
0,63
1.3.
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:
1.3.1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.3.1.1.
аршынды жыныстар
0,0028
1.3.1.2.
жанас таужыныстары
0,0182
1.3.1.3.
байыту қалдықтары
0,014
1.3.1.4.
шлактар, шламдар
0,0266
1.3.2.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар
0,0266
1.3.3.
күл мен күлшлактар
0,33
1.3.4.
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,0014
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
2.1.
Трансуранды
0,38
2.2.
Альфа-радиоактивті
0,19
2.3.
Бета-радиоактивті
0,02
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
0,19

Қолданыстағы