Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды"

Ереже · № 389 · қабылданған 25.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xli-v-27-2014-no-363-ekb-131054/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды" Күшін жойған Ереже ·№ 389 ·25.04.2019
27.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды"

Күшін жойған Ереже ·№ 389 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды"
Атауы (қаз.)
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" № 363 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
389
Қабылданған күні
25.04.2019
Көрсетілген редакция
27.09.2023 131054_657283.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KA005302
ЭКБ идентификаторы
131054
Редакция идентификаторы
131054_657283
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:13

0

V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы» № 363 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) «Взгляд на события» газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

1) Қағиданың 7 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:
1) бұрынғы Кеңестік социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні;
2) Чернобыль АЭС-дағы апат күні;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.»;

2) Қағиданың 9 тармағы келесі мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай: Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;».

3) Қағиданың 9 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

«4) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
75 жас және одан асқан адамдарға;
Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға.».

4) Қағиданың 16 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«16. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының және өзге ұйымдардың ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы