О внесении изменения и дополнения в решение XLIII-ой сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение XLIII-ой сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 24.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2018 122258_328873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18R0001483
- ЭКБ идентификаторы
- 122258
- Редакция идентификаторы
- 122258_328873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:22
0 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII сессиясының
«Алматы қаласының мұқтаж
азаматтарының жекелеген
санаттарына қалалық қоғамдық
көлікте (таксиден басқа) жолақы
жеңілдігін беру туралы» 2015 жылғы
15 қыркүйектегі № 367 шешіміне
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға.»;
аталған шешімнің қосымшасындағы:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Тегін жүруге арналған (Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестiрiлген адамның, 75 жастан асқан зейнеткердің, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланың, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаның) жеңілдік берілетін электронды жол жүру картасы.».
2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.