О внесении изменения в решение XХV сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25/158 "О районном бюджете на 2014-2016 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение XХV сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25/158 "О районном бюджете на 2014-2016 годы"
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXV сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/158 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31/202
- Қабылданған күні
- 09.06.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2014 81030_154064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KL002671
- ЭКБ идентификаторы
- 81030
- Редакция идентификаторы
- 81030_154064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:27
0 Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXV сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/158 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XХV сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/158 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2499 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы № 2-3 (9596-9597) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"6. 2014 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2 2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
10 маусым 2014 жыл