Құжат мәтініне өту

О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх

Қаулы · № 286 · қабылданған 30.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xx-2006-xxix-2008/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх Күшін жойған Қаулы ·№ 286 ·30.03.2005
12.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх

Күшін жойған Қаулы ·№ 286 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
286
Қабылданған күні
30.03.2005
Көрсетілген редакция
12.05.2009 AI23395_4.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000286_
ЭКБ идентификаторы
23395
Редакция идентификаторы
AI23395_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:57

0 Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасының спортшыларын сапалы даярлауды және олардың кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Мыналар:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң (бұдан әрi - Ұйымдастыру комитетi) құрамы;

2 2) 2-қосымшаға сәйкес Туриндегi (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi бекiтiлсiн.

2 2. Ұйымдастыру комитетi:

1 1) спортшыларды кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына (бұдан әрi - Олимпиада ойындары) қатысуға даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;

2 2) кемiнде жылына екi рет Ұйымдастыру комитетiнiң отырыстарында облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерiн тыңдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi:

1 1) Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлауды және олардың Олимпиада ойындарына қатысуын қамтамасыз етсiн;

2 2) алдағы Олимпиада ойындарына даярлау үшiн республикалық сияқты, өңiрлiк деңгейде де спорттың басым түрлерiн айқындасын;

3 3) ел құрама командаларының спортшыларын Олимпиада ойындарына даярлау үшiн спорт саласындағы шетелдiк мамандарды тартсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi:

1 1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшін қазiргi заманғы білiм беру технологияларын енгiзу жөнiндегi шараларды қабылдасын;

2 2) жоғары оқу орындарының жанынан жаттықтырушы-оқытушылар құрамының бiлiктілiгiн арттыру курстарын құру мүмкiндігін қарастырсын.

5 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1 1) 2005 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Қазақстан Республикасының спорт түрлерi бойынша құрама командаларын даярлау үшiн көзделген спорт құрылыстарын қалпына келтiру және салу жөнiнде ұсыныстар берсiн;

2 2) кемiнде жылына екi рет әкiмдiктiң отырыстарында дене шынықтыруды және спортты дамыту мәселелерiн, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысын қарасын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрi Е.М.Қосыбаевқа жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 286 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Даниал Кенжетайұлы төраға
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Есетжан Мұратұлы және спорт министрi, төрағаның орынбасары
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Дәулет Болатұлы және спорт министрлiгi Спорт iстерi
комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
Гамарник - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Геннадий Николаевич бiрiншi вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович коммуникация бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович бiрiншi вице-министрi
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және
Наталья Артемовна бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi
Тасболатов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы вице-министрi
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Бақытбек және спорт министрлігiнiң Спорт iстерi
комитетi төрағасының орынбасары
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада
Тимур Камалұлы комитетінің президенті (келісім бойынша)

2 Туриндегі (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 286 қаулысына
2-қосымша
Туриндегі (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi
1-орын - 250000 АҚШ доллары
2-орын - 150000 АҚШ доллары
3-орын - 75000 АҚШ доллары
4-орын - 30000 АҚШ доллары
5-орын - 10000 АҚШ доллары
6-орын - 5000 АҚШ доллары

Қолданыстағы