Об утверждении "Инструкции по присвоению звания "Почетный гражданин города Павлодара"(XXII очередная сессия III созыва)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении "Инструкции по присвоению звания "Почетный гражданин города Павлодара"(XXII очередная сессия III созыва)
- Атауы (қаз.)
- "Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағын беру нұсқаулығын бекіту туралы (III сайланған XXII кезекті сессия)
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/22
- Қабылданған күні
- 06.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2009 AI27394_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06PA000067
- ЭКБ идентификаторы
- 27394
- Редакция идентификаторы
- AI27394_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:50
0 "Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағын беру нұсқаулығын бекіту туралы (III сайланған XXII кезекті сессия)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1 1. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру нұсқаулығы" бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөнiндегi тұрақты комиссияға жүктелсiн.
3 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.
4 "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру НҰСҚАУЛЫҒЫ
Павлодар қалалық мәслихатының
2006 жылғы 6 наурыздағы
"Павлодар қаласының құрметтi
азаматы" атағын беру нұсқаулығы
туралы" № 16/22 шешiмiмен бекiтiлдi
(III сайланған ХХII кезектi сессия)
"Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. Жалпы ереже
1
1. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы қалалық мәслихаттың шешiмiмен берiледi. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру моралдiк ынталардың ең маңыздысы, Қазақстан Республикасы, облыс және қала алдындағы ерекше еңбегiн қоғамдық мойындаудың көрiнiсi болып табылады, патриоттық функцияны орындауға, сонымен қатар Павлодар қаласының тарихында есiмдердiң сақталуы мақсатында шақырылады.
2 2. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағын беру жөнiндегi талаптар
2 2. "Павлодар қаласының құрметтi азаматы" атағы өмiрбаяны Павлодар қаласымен байланысты азаматтарға, сонымен қатар оның тұрғындарына:
1 1) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде батырлық көрсеткен және ерлiк жасағандарға, жоғары мемлекеттiк наградалары барларға, сонымен қатар бейбiтшiлiк кезiнде кәсiпқорлық мiндеттердi немесе азаматтық парызды өтеуде өзiндiк ерлiк көрсеткендерге;
2
2) "Халық қаhарманы" айрықша белгiмен және Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталғандарға, егемендi Қазақстанның тәуелсiздiгi мен бiртұтастығын сақтауға, қаланың дамуына үлкен үлес қосқандарға, жергiлiктi мемлекеттiк басқару саласында өзiн көрсеткен, мемлекеттiк және саяси қайраткерлерге;
3
3) экономиканың қаржылық және өнеркәсiптiк секторының дамуына айтарлықтай әсер еткен инвестицияларды жұмылдырғаны үшiн, Павлодар қаласының әлеуметтiк дамуына, экономикалық өсуiне белсендi себепшi болған алдыңғы қатардағы технологияларды халық шаруашылығының барлық облыстарында енгiзгенi және инновациялық қызметi үшiн;