Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 1308/4 · қабылданған 05.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxiii-9-2015-no-111533-ekb-104709/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 1308/4 ·05.07.2016
19.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 1308/4 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1308/4
Қабылданған күні
05.07.2016
Көрсетілген редакция
19.09.2023 104709_656477.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KH003895
ЭКБ идентификаторы
104709
Редакция идентификаторы
104709_656477
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:28

0 Шахтинск қалалық маслихатының

2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII
сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 14 сәуірдегі № 215 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШТІ:

1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырда № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
Қағидалардың 25-тармағы жойылсын;
Қағидалардың 25-2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылдың 17 мамырдағы № 385 «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 13773 болып тіркелді).».

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы