О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1619/31
- Қабылданған күні
- 08.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2023 131486_656457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KH005335
- ЭКБ идентификаторы
- 131486
- Редакция идентификаторы
- 131486_656457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:02
0 Шахтинск қалалық маслихатының
2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына,«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7 тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«15) Шахтинск қаласы мен іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар;»;
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмектің өлшем шегі - 130 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.».