О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1721/39
- Қабылданған күні
- 19.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2023 144077_656481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KH005901
- ЭКБ идентификаторы
- 144077
- Редакция идентификаторы
- 144077_656481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:00
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында:
7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы бар азаматтар;»;
7 тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«17) операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруы бар азаматтар;»;
7 тармақ келесі мазмұнда 18) тармақшасымен толықтырылсын:
«18) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтар.»;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру пайда болған әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;»;
10 тармақ келесі мазмұнда 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.».