Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 1225/41 · қабылданған 23.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxiii-9-2015-no-111533-ekb-97527/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 1225/41 ·23.12.2015
19.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 1225/41 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1225/41
Қабылданған күні
23.12.2015
Көрсетілген редакция
19.09.2023 97527_656465.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KH003609
ЭКБ идентификаторы
97527
Редакция идентификаторы
97527_656465
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:47

0 Шахтинск қалалық маслихатының

2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII
сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:

1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
Қағидалардың 10 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) ең төмен күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
келесі мазмұндағы 16-1 тармағымен толықтырылсын:
«16-1. Әлеуметтік контракт негізінде әлеуметтік көмек үшін келген кезде азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.»;
келесі мазмұндағы 25-1 тармағымен толықтырылсын:
«25-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелері (тұлғасы) жұмыспен қамту жәрдемінің шараларына қатысу шартында және отбасыны активтендіру әлеуметтік контракттың әрекет ету мерзіміне отбасы мүшедерінің (тұлғаның), еңбекке қабілеттілерін қоса әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі жағдайында ұсынылады, және ай сайын төленеді немесе үш ай үшін біржола претендеттің өтініші бойынша.»;
келесі мазмұндағы 25-2 тармағымен толықтырылсын:
«25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10474 тіркелді).»;
келесі мазмұндағы 25-3 тармағымен толықтырылсын:
«25-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тағы алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады, бірақ бір жылдан артық емес, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажеттілігі және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіби оқытуды және (немесе) жастар тәжірибесінен өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайларында.»;
келесі мазмұндағы 25-4 тармағымен толықтырылсын:
«25-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, соның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойылғасын беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.»;
келесі мазмұндағы 30 тармағымен толықтырылсын:
«30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» және «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалоана отырып жүргізеді».

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2015 жылғы 23 желтоқсан

Қолданыстағы