Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 88 · қабылданған 03.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxiii-v-19-2013-no-196-ekb-110572/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Қолданыста Өзге акт ·№ 88 ·03.03.2017
03.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Қолданыста Өзге акт ·№ 88 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
88
Қабылданған күні
03.03.2017
Көрсетілген редакция
03.03.2017 110572_167483.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17R0001352
ЭКБ идентификаторы
110572
Редакция идентификаторы
110572_167483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:53

0 V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1020 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы:
«6,5 айлық есептік көрсеткіш» сандары мен сөздері «9 айлық есептік көрсеткіш» саны мен сөздеріне ауыстырылсын.
аталған шешімнің қосымшасындағы:
1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
1 тармақтың 4) тармақшасындағы «(бұдан әрі – Тұжырым)» сөздері алынып тасталсын.
1 тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) оқу орнының анықтамасы.».
5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Әлеуметтік көмек оқу орнының анықтамасында көрсетілгеніндей, кемтар балалардың жеке оқу жоспары (бұдан әрі – жеке оқу жоспары) бойынша үйде оқу кезеңіне тағайындалады.».
8 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7) жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы.».
9 тармақтағы «Тұжырымда көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады» сөздері «жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады» сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке (келісім бойынша) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Р. Тауфиков
Алматы қаласы әкімі аппаратының
басшысы
М. Сембеков
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
А. Ахметова
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы
Р. Шимашева
Алматы қаласы Денсаулық сақтау
басқармасының басшысы
У. Ахметов
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
М. Қиқымов
Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
Ж. Мұхамеджанов

Қолданыстағы