Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение XXIV сессии Карагандинского областного Маслихата от 13 декабря 2006 года № 364 "Об областном бюджете на 2007 год"

Өзге акт · № 395 · қабылданған 28.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxiv-13-2006-no-364-2007-ekb-31101/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение XXIV сессии Карагандинского областного Маслихата от 13 декабря 2006 года № 364 "Об областном бюджете на 2007 год" Қолданыста Өзге акт ·№ 395 ·28.12.2006
01.08.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение XXIV сессии Карагандинского областного Маслихата от 13 декабря 2006 года № 364 "Об областном бюджете на 2007 год"

Қолданыста Өзге акт ·№ 395 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение XXIV сессии Карагандинского областного Маслихата от 13 декабря 2006 года № 364 "Об областном бюджете на 2007 год"
Атауы (қаз.)
Қарағанды облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы ХХІV сессиясының "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 364 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
395
Қабылданған күні
28.12.2006
Көрсетілген редакция
01.08.2023 31101_646821.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06K0001826
ЭКБ идентификаторы
31101
Редакция идентификаторы
31101_646821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:19

0 Қарағанды облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы ХХІV сессиясының "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 364 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111 бабының 2 , 5 тармақтарына , 38 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 25, 30, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қарағанды облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы ХХІV сессиясының "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 364 шешіміне (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - N 1822 болып тіркелген), "Орталық Қазақстан" газетінің 2006 жылғы 16 желтоқсандағы N 239-240 (20167) санында, 2006 жылғы 19 желтоқсандағы N 241 (20168) санында, "Индустриальная Караганда" газетінің 2006 жылғы 19 желтоқсандағы N 151 (20390) санында жарияланған, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақтағы:

1) тармақшада:
"46883993" сандары "58855478" сандарына ауыстырылсын;
"28373773" сандары "40345258" сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
"46877081" сандары "58887946" сандарына ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
"6912" сандары - "алу 32468" сандарына ауыстырылсын;
4) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"таза бюджеттік кредиттеу - алу 850 533 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 457 921 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 308 454 мың теңге;";
6) тармақшадағы:
"1122445" сандары "643065" сандарына ауыстырылсын;
7) тармақшадағы:
"1122445" сандары "643065" сандарына ауыстырылсын;

2 2) 2 тармақта:

"8488980" сандары "20460465" сандарына ауыстырылсын;
"." тыныс белгісі ";" тыныс белгісіне ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
білім беру объектілерін салуға және қайта жөндеуге 755 874 мың теңге;
денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жөндеуге 609 897 мың теңге;
мәдениет объектілерін дамытуға 700 000 мың теңге;
сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 559 154 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға 506 666 мың теңге;
2006 жылы бөлінген көші-қон полициясының қосыма штат санын ұстауға 16 401 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға 922 522 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 132 830 мың теңге;
мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулеріне 75 478 мың теңге;
облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жүргізуге 430 000 мың теңге;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент тіркелген ставкасын енгізуге және салық салу кезінде кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін табыстан алып тастауға байланысты бюджетке түсетін түсімдердің шығасыларын өтеуге берілетін 808 272 мың теңге;
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 355 333 мың теңге;
орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардың кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйрену жөнінде оқу, анықтамалық және электрондық әдебиеттерді сатып алуға және жеткізуге 15 438 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта кәсіптік оқу орнында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге 210 508 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта кәсіптік оқу орындарында оқып жатқандар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге 30 076 мың теңге;
электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға 186 041 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға 118 006 мың теңге;
дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға 716 198 мың теңге;
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 50 224 мың теңге;
жергілікті деңгейдегі қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 85 308 мың теңге;
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған реформалау мен денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2 285 467 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға 1 345 000 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін 51 050 мың теңге;
қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге 5 742 мың теңге.";

3 3) 2-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

"2-1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша тұрғын үй салуға 440 000 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.".

4 4) 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында Приозерск қаласының бюджетіне әскери қызметшілердің тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге 159 286 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.".

5 5) 8 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында Приозерск қаласының бюджетіне инфрақұрылымды қолдауға 100 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.".

6 6) 9 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында Теміртау қаласының бюджетіне индустриалдық парктің инфрақұрылымын салуға 200 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.".

7 7) 9-1, 9-2, 9-3, 9-4, 9-5, 9-6, 9-7, 9-8, 9-9, 9-10, 9-11, 9-12, 9-13, 9-14, 9-15, 9-16, 9-17 тармақтармен келесі мазмұнда толықтырылсын:

"9-1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға 186 041 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.
9-2. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлейтін мемлекеттік ұйымдар шығындарынан әлеуметтік салық төлеуге 71 000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-3. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 181 890 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-4. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің бірүлгі штатын ұстауды қамтамасыз етуге 444 618 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-5. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және олардың трафигін төлеуге 27 274 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-6. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 65 676 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-7. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйрену бойынша оқу, анықтамалық және электрондық әдебиеттерді алуға және жеткізуге 14 268 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-8. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 94 332 мың теңге теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-9. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне балалардың тамақтануын, тұруын және тестілеу пунктеріне жеткізілуін ұйымдастыруға 5 322 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-10. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жаңадан іске қосылған білім беру объектілерін ұстауға 337 612 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-11. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге 5 742 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-12. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулеріне 75 478 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-13. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша тұрғын үй салуға 457 921 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы мен Қарағанды облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту аймақтық бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға 62 400 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-14. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Қарағанды облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту аймақтық бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға 1 397 019 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.
9-15. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне "2002-2010 жылдарға арналған ауыз су" аймақтық бағдарламасына сәйкес сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 978 900 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін.
9-16. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін 41 910 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
9-17. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 9-1, 9-2, 9-3, 9-4, 9-5, 9-6, 9-7, 9-8, 9-9, 9-10, 9-11, 9-12, 9-13, 9-14, 9-15, 9-16 тармақтарда көрсетілген сомаларды бөлу облыс әкімдігі қаулысының негізінде анықталады.".

8 8) 12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Қарағанды облысының 2005-2007 жылдарға арналған білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту аймақтық бағдарламасын іске асыруға 386 842 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күрделі жөндеу жүргізуге 281 256 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелер үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 105 586 мың теңге;"

9 9) 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 12-7 тармақтармен келесі мазмұнда толықтырылсын:

"12-1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Қарағанды облысының 2006-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту аймақтық бағдарламасын іске асыруға 322 405 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-2. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту аймақтық бағдарламасын іске асыруға үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 10 542 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-3. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту аймақтық бағдарламасын іске асыруға 436 107 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-4. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жалпылай спортты дамытуға "Қарағанды облысының 2005-2007 жылдардағы жастары" бағдарламасын іске асыруға 20 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-5. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне "Қарағанды облысының 2006-2012 жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамыту" бағдарламасын іске асыруға, 2007 - 2009 жылдарға арналған жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, 2006-2007 жылдарға арналған Шахтинск қаласын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар Жоспарын іске асыруға, абаттандыруға, көгалдандыруға, жарық беруге Балқаш қаласының 70 жылдығына арналған іс-шаралар Жоспарын іске асыруға және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасын, "Менің аулам" бағдарламасын іске асыруға 2 104 832 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-6. 2007 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне шағын кәсіпкерлікті қолдауды қамтамасыз етуге "Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы" аймақтық бағдарламасын іске асыруға 8 384 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
12-7. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 12, 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5, 12-6 тармақтарда көрсетілген сомаларды бөлу облыс әкімдігі қаулысының негізінде анықталады.".

10 10) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

0 2023 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің 2022 жылғы 13
желтоқсандағы № 184
бұйрығына қосымша
2023 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі
I. Академиялық оқу үшін мамандықтар
II. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары

Мамандықтар атауы
I. Жаратылыстану-техникалық бағыттары
1. Инженерлік-техникалық мамандықтар
1.
1.
Инновациялық менеджмент. Технологиялар менеджменті
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс. Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).
2.
2.
Үлкен деректерді талдау
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
3.
3.
Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік және криптография
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. Ақпараттық қауіпсіздік.
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс: Ұлттық қауіпсіздік.
4.
4.
Робот техникасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары:
Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары.
5.
5.
Сервистік платформаларды әзірлеу
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
6.
6.
Қаржы технологиялары
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика
7.
7.
Қашықтан басқару жүйесі
Басқарудың зияткерлік жүйелері
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
8.
8.
Жаңа материалдар технологиясы
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары. Физика ғылымдары. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары
9.
9.
Наноматериалдар мен нанотехнологиялар
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары. Физика ғылымдары.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары
10.
10.
Авиация және аэроғарыш техникасы. Әуе қозғалысын басқару
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
11.
11.
Урбанистика. Сәулет. Қалаларды басқару. Тұрақты қалалар. Ақылды қала жүйесі
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс. Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
12.
12.
Атом өнеркәсібі. Ядролық инженерия.
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс.
13.
13.
Инженерлік жүйелер мен желілер
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс.
14.
14.
Машина жасау
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары.
15.
15.
Химиялық инженерия
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары.
16.
16.
Мұнай-газ инжинирингі
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Геология.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс.
17.
17.
Электроника және телекоммуникациялық жүйелер
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс.
18.
18.
Стандарттау, сертификаттау және метрология
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Математика және статистика Геология.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс. Су шаруашылығы. Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).
Қызметтер: Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау.
19.
19.
Құрылыс инженериясы
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Сәулет және құрылыс. Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары.
20.
20.
Азық-түлік өнімдерінің технологиясы. Тамақ қауіпсіздігі. Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы. Етті қайта өңдеу технологиясы.
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Стандарттау, сертификаттау және метрология.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Агрономия. Мал шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Агроинженерия.
21.
21.
Көлік технологиялары. Көлік инженериясы. Логистика
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Сәулет және құрылыс. Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).
Қызметтер: Көлік қызметтері.
22.
22.
Энергетикалық технологиялар мен жүйлер
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс. Су шаруашылығы.
23.
23.
Ақпараттық технологиялар мен жүйелер
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар.
24.
24.
Биотехнология. Биоинженерия. Биомедицина. Биохимия
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары.
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау
25.
25.
Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Орман шаруашылығы. Жерге орналастыру.
26.
26.
Аграрлық технологиялар
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Өндірістік және өңдеу салалары. Су шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Агрономия. Мал шаруашылығы. Орман шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Жерге орналастыру. Су ресурстары және суды пайдалану. Агроинженерия.
27.
27.
Инженерлік экономика
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Сәулет және құрылыс.
28.
28.
Геология. Тау-кен ісі. Геодезия. Геофизика
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Геология.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс.
29.
29.
Жерді қорғау. Кадастр. Жерге орналастыру
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Жерге орналастыру.
30.
30.
Гидрология, Су ресурстары және суды пайдалану
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Су ресурстары және суды пайдалану.
2. Жаратылыстану ғылымдары
31.
1.
Экология
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Өсімдік шаруашылығы. Мал шаруашылығы. Орман шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Жерге орналастыру. Су ресурстары және суды пайдалану.
32.
2.
Математика. Математикалық моделдеу. Қолданбалы математика. Статистикалық талдау
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика
33.
3.
Физика
Педагогика ғылымдары: Жаратылыстану ғылымдары пәні бойынша мұғалімдер даярлау.
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика ғылымдары.
34.
4.
Химия
Педагогика ғылымдары: Жаратылыстану ғылымдары пәні бойынша мұғалімдер даярлау.
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Физика және химия ғылымдары.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары.
35.
5.
Тұрақты даму. Жасыл технологиялар. Экотехнология. Сейсмология. Қоршаған ортаны қорғау
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Өсімдік шаруашылығы. Мал шаруашылығы. Орман шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Жерге орналастыру. Су ресурстары және суды пайдалану.
36.
6.
Биология
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Педагогика ғылымдары: Жаратылыстану ғылымдары пәні бойынша мұғалімдер даярлау.
3. Медицина
37.
1.
Анестезиология және реаниматология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
38.
2.
Ветеринарлық медицина
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар. Қоршаған орта.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Мал шаруашылығы. Балық шаруашылығы.
Ветеринария: Ветеринария.
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
39.
3.
Вирусология. Инфекциялық (жұқпалы) аурулар. Эпидемиология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар
40.
4.
Дерматология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
41.
5.
Кардиология. Кардиохирургия
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
42.
6.
Сәулелі диагностика. Сәулелі терапия
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
43.
7.
Медициналық генетика
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар
44.
8.
Неврология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
45.
9.
Неонатология. Педиатрия
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
46.
10.
Қоғамдық денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
47.
11.
Онкология және гематология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
48.
12.
Отоларингология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
49.
13.
Офтальмология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
50.
14.
Патологиялық анатомия (цитопатология)
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және сабақтас ғылымдар
51.
15.
Психиатрия (наркология және психотерапия)
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
52.
16.
Пульмонология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
53.
17.
Спорт медицинасы. Физикалық медицина және реабилитация
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
54.
18.
Трансплантология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
55.
19.
Денсаулық сақтау саласындағы басқару
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық.
56.
20.
Хирургия (нейрохирургия, абдоминалды, ангиохирургия, торакалды хирургия, көмей хирургиясы, микрохирургия, онкохирургия; бас сүйек-жақ-бет пластикалық хирургиясы)
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
57.
21.
Эндокринология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
58.
22.
Эндоскопия және ультрадыбыстық диагностика
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
59.
23.
Фармацевтика. Фармацевтическое Құқық. Фармакоэкономика
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
60.
24.
Гепатология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
61.
25.
Геронтология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
62.
26.
Аллергология және иммунология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
63.
27.
Нефрология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
64.
28.
Ревматология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
65.
29.
Сот-медициналық сараптамасы
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
66.
30.
Клиникалық психология
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
ІІ. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар
1. Әлеуметтік ғылымдар
67.
1.
Археология және этнология
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология. Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау.
Арнайы педагогика.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар. Тіл мен әдебиет. Өнермен және гуманитарлық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
68.
2.
Тарих. Мәдениеттану
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология. Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау. Арнайы педагогика.
Педагогика ғылымдарымен байланысты пәнаралық бағдарламалар.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар. Тіл мен әдебиет.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат.
69.
3.
Дінтану
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау.
Арнайы педагогика.
70.
4.
Мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар.
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс: Әскери іс. Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздік.
71.
5.
Конфликтология
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару Құқық.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар.
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс: Әскери іс. Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздік.
72.
6.
Цифрлық экономика. Цифрлық маркетинг
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар.
73.
7.
Журналистика
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат.
74.
8.
Әлеуметтану
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат.
75.
9.
Адам ресурстарын басқару. HR-менеджмент
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат.
76.
10.
Жобаларды басқару
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
77.
11.
Экономика
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика:
Математика және статистика Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару Құқық.
78.
12.
Аударма ісі
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау.
Арнайы педагогика.
Педагогика ғылымдарымен байланысты пәнаралық бағдарламалар.
79.
13.
Қаржы. Инвестициялар
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика:
Математика және статистика. Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару Құқық.
80.
14.
Құқық. Халықаралық құқық және қауіпсіздік. Заңтану. Зияткерлік меншік
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару Құқық.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс: Әскери іс. Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздік.
81.
15.
Әдебиет
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау.
Арнайы педагогика.
Педагогика ғылымдарымен байланысты пәнаралық бағдарламалар.
82.
16.
Дене тәрбиесі және спорт. Спорт жаттықтырушысы
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология.
83.
17.
Кәсіпкерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлік
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
84.
18.
Саясаттану
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар.
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс: Әскери іс. Ұлттық қауіпсіздік. Қоғамдық қауіпсіздік.
85.
19.
Тәуекел менеджменті
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. Ақпараттық қауіпсіздік.
Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау.
2. Білім беру
86.
1.
Инклюзивті білім беру
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау. Арнайы педагогика.
87.
2.
Қашықтан оқыту әдіснамасы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау. Арнайы педагогика.
88.
3.
Педагогика

89.
4.
STEM білім беру

90.
5.
Білім беру саласындағы басқару
Педагогика ғылымдары: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы.
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтер даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау. Тіл мен әдебиет педагогін даярлау.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау. Арнайы педагогика.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
3. Креативті индустрия
91.
1.
Арт-менеджмент
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
92.
2.
Актерлік өнер
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
93.
3.
Музыка және вокал өнері. Дирижерлық ету
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
94.
4.
Дизайн. Сәндік өнері. Кескіндеме/Станоктық кескіндеме. Бейнелеу өнері. Мүсін
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
95.
5.
Оператор өнері. Режиссура. Продюсерлік
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
96.
6.
Театр өнері. Сценарий шеберлігі
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
97.
7.
Кино және телевизиялық технологиялар. Анимация
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
98.
8.
Өнертану
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар. Тіл мен әдебиет.
99.
9.
Хореография
Өнер және гуманитарлық ғылымдар: Өнер. Гуманитарлық ғылымдар.
Педагогика ғылымдары: Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтер даярлау.
100.
10.
Туризм
Қызметтер: Қызмет көрсету саласы.
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару
* Осы Тізбе «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер ұсынған дипломда көрсетілген мамандықтар мен шетелде оқу үшін таңдалып алынған мамандықтың мәндестігін анықтау үшін қолданылады.
** 2023 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінде «Жаратылыстану ғылымдары» және «Инженерлік-техникалық мамандықтар» бөлімдеріне енген мамандықтар техникалық бағыттағы мамандықтарға жатады.

Қолданыстағы