О внесении дополнений в решение XXIV-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 27 февраля 2003 года "Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение XXIV-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 27 февраля 2003 года "Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- "Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғандығы үшiн ай сайынғы төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы ХХI-сессиясының шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 28.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2008 22923_199191.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05R000643_
- ЭКБ идентификаторы
- 22923
- Редакция идентификаторы
- 22923_199191
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:13
0 "Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғандығы үшiн ай сайынғы төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы ХХI-сессиясының шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
7 бабына сәйкес III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. "Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғандығы үшiн ай сайынғы төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХI-сессиясының
шешiмi
мына мазмұндағы 1-1, 1-2 тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1. N 2 қосымшаға сәйкес темекi және темекi бұйымдарының сыртқы және көрнекi жарнамасын оларды сататын орындарда орналастыру және Алматы қаласының аумағында осындай орындарды белгiлеу үшiн ай сайынғы төлем мөлшерлемелерiнiң көлемдерi бекiтiлсiн, қоса берiлiп отыр.
1-2. Темекi және темекi бұйымдарын орналастырудан түскен қаражат халықтың денсаулығын қорғау үшiн пайдалануға, бюджет кiрiсiне жiберiлсiн."
2 2. Алматы қаласының әкiмiне ұсынылсын:
- Алматы қаласында темекi және темекi бұйымдарының жарнамасын орналастырудың тәртiбi мен шарттары туралы ереженi әзiрлеу мен бекiту;
- 2005-2007 жылдарға арналған "Алматыны темекi түтiнiнен арылту" Алматы өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеу және оны Мәслихаттың бекiтуiне ұсыну.
3 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссияға (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң төрағасы Қ.Е.Байедiловке жүктелсiн.
4 "Алматы қаласының аумағында
сыртқы (көрнекi) жарнаманы
орналастырғандығы үшiн ай
сайынғы төлем мөлшерлемелерiн
бекiту туралы" II-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының 2003 жылғы
27 ақпандағы ХХIV-сессиясының
шешiмiне өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының 2005 жылғы
28 қаңтардағы кезектен тыс
ХІІ-сессиясының N 113 шешіміне
қосымша
"Алматы қаласының аумағында
сыртқы (көрнекi) жарнаманы
орналастырғандығы үшiн ай сайынғы
төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы"
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2003 жылғы
27 ақпандағы ХХIV-сессиясының
шешiмiне N 2 қосымша
Темекі және темекі бұйымдарының сыртқы (көрнекі) жарнамасын оларды сататын орындарда орналастырғандығы және Алматы қаласының аумағында осындай орындарды белгілеу үшін айлық есептемелік көрсеткіштердегі (АЕК) Ай сайынғы төлемінің мөлшерлемелері
Жарнама түрі
Ай сайынғы төлем мөлшерлемесі
1. Сауда орындарындағы 1 ш.м.-ға дейінгі жарнама алаңы
60 АЕК
2. Сауда орындарындағы 1 ш.м.-дан жоғары жарнама алаңы
600 АЕК
3. Темекі және темекі бұйымдарының сауда орындарын белгілеуге арналған көлемі 1 ш.м. дейінгі жарнама нысанасы
500 АЕК
4. Темекі және темекі бұйымдарының сауда орындарын белгілеуге арналған көлемі 1 ш.м.-дан жоғары жарнама нысанасы
1000 АЕК