Қолданыстағы ред. 20.10.2011

Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы от 20.10.2011 г. № 2/34 (Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-9-123 тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы аудандық "Аққу үні" № 3-4 газетінде жарияланған) № 5/25 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Келесі мазмұндағы 43 және 44 тармақтарымен толықтырылсын:
"43. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар.
44. 2010 – 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.".

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.