Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-9-123 тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы аудандық "Аққу үні" № 3-4 газетінде жарияланған) № 5/25 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: Келесі мазмұндағы 43 және 44 тармақтарымен толықтырылсын: "43. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар. 44. 2010 – 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.