О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата (XXV сессия, V созыв) от 25 декабря 2013 года № 171/25 "О бюджете города Аксу на 2014 - 2016 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата (XXV сессия, V созыв) от 25 декабря 2013 года № 171/25 "О бюджете города Аксу на 2014 - 2016 годы"
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған XXV сессиясы) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" № 171/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200/29
- Қабылданған күні
- 27.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2014 79024_125899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PB003765
- ЭКБ идентификаторы
- 79024
- Редакция идентификаторы
- 79024_125899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:20
0 Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған XXV сессиясы) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" № 171/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4 тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" № 171/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің № 5 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсін.".