О внесении изменений в решение XXVI сессии Жанааркинского районного маслихата от 16 августа 2010 года № 26/227 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи по Жанааркинскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение XXVI сессии Жанааркинского районного маслихата от 16 августа 2010 года № 26/227 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи по Жанааркинскому району"
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/309
- Қабылданған күні
- 28.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2011 AI59721_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KL000110
- ЭКБ идентификаторы
- 59721
- Редакция идентификаторы
- AI59721_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:06
0 Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне N 8-12-80 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі N 51 (9406) санында жарияланған), Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы XXXI сессиясының N 31/272 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне N 8-12-102 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 3-4 (9430) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 18 тармағында "алу құқынан айрылады" сөздері "ала алмайды" сөздерімен ауыстырылсын;
2 2) Ереженің 21 тармағында "етуге міндетті" сөздері "етуі қажет" сөздерімен ауыстырылсын;
3 3) Ереженің 28 тармағында үшінші, төртінші, бесінші абзацтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1) салық төлеушінің тіркеу номері;
2) әлеуметтік жеке коды;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шоты.";
4 4) Ереженің 37, 38 тармақтарында абзацтардың басында "-" белгілері алынып тасталсын;
5 5) Ереженің 60 тармағының он бесінші абзацында ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Ибраева
2011 жылғы 28 маусым