Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"

Ереже · № 318 · қабылданған 21.12.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxvii-ii-16-2003-ekb-31384/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы" Күшін жойған Ереже ·№ 318 ·21.12.2006
13.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"

Күшін жойған Ереже ·№ 318 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
318
Қабылданған күні
21.12.2006
Көрсетілген редакция
13.12.2010 31384_186802.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06R000728_
ЭКБ идентификаторы
31384
Редакция идентификаторы
31384_186802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:25

0 II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. II сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылы 6 қазанда N 557 тіркелген, 2003 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған); өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - 2004 жылғы 29 шілдедегі VIII сессияның N 69 шешімімен, 2004 жылғы 5 тамызда N 612 рет санымен тіркеліп, 2004 жылғы 12 тамызда - "Алматы Ақшамы" N 91, 2004 жылғы 26 тамызда - "Вечерний Алматы" N 171-172 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 28 қаңтардағы кезектен тыс XII сессияның N 111 шешімімен, 2005 жылғы 1 ақпанда N 641 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 3 ақпанда - "Алматы ақшамы" N 13, 2005 жылғы 5 ақпанда - "Вечерний Алматы" N 24 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 27 сәуірдегі XV сессияның N 145 шешімімен, 2005 жылғы 13 мамырда N 656 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 24 мамырда - "Алматы Ақшамы" N 57, 2005 жылғы 9 маусымда - "Вечерний Алматы" N 118 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 29 шілдедегі XVII сессиясының N 172 шешімімен, 2005 жылғы 10 тамызда N 668 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 20 тамыздағы - "Алматы Ақшамы" N 95, 2005 жылғы 27 тамызда - "Вечерний Алматы" N 173 газеттерінде жарияланған; 2006 жылғы 15 мамырдағы XXIII сессиясының N 249 шешімімен, 2006 жылғы 19 маусымда N 704 рет санымен тіркеліп, 2006 жылғы 24 маусымдағы - "Алматы Ақшамы" N 74, 2006 жылғы 29 маусымда - "Вечерний Алматы" N 122-124 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсету тәртібі туралы Ережеге:
2 тармақтың бірінші абзацында "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
2 тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Тұрғын үй көмегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар) "Желтоқсан" Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы берген тізім бойынша көрсетіледі.";
3 тармақтың "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
12 тармақтың екінші абзацында "қатысушыларының" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
16, 17 тармақтардың "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.

Қолданыстағы