Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Mаслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"

Ереже · № 145 · қабылданған 27.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxvii-m-ii-16-2003/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Mаслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы" Күшін жойған Ереже ·№ 145 ·27.04.2005
13.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Mаслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"

Күшін жойған Ереже ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение XXVII-й сессии Алматинского городского Mаслихата II-го созыва от 16 сентября 2003 года "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
27.04.2005
Көрсетілген редакция
13.12.2010 24052_198853.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05R000656_
ЭКБ идентификаторы
24052
Редакция идентификаторы
24052_198853
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:48

0 ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 9 қыркүйектегі N 949 "Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефондарына абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1 1. "ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 20 қазандағы ХХVII-і сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй жәрдемінің көлемі мен көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі қайта бекітілсін.

2 2. ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты кезектен тыс ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 3-ші тармақ келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:

"Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефондарына абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін ақшалай өтемақы тұрғын үй жәрдемақысының құрамына кіреді. Абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін өтемақы көтерілген төлемақының айырмасын тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну шығын сомасына қосу арқылы жүргізіледі";

2 2) 13-ші тармақ келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:

"Абоненттік төлем тарифтері көтерілу бөлігінде тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонның қымбаттаған абоненттік төлем айырмасынан аспауы тиіс";

3 3) 14-ші тармақтың екінші абзацында екі рет қайталанған "тұрғын үй жәрдемақысын" сөздері "тұрғын үй көмегін" сөздерімен алмастырылсын;

4 4) 15-ші тармақ үшінші абзацтан кейін келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:

"қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті екендігін растайтын құжат көшірмесі (келісім-шарт немесе телекоммуникация қызметтеріне төленген түбіртектер);";

5 5) 17-ші тармақта "қызметтер үшін" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтері үшін" сөздерімен толықтырылсын;

6 6) 20-шы тармақта "тұрғын үй-коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтері" сөздерімен толықтырылсын;

7 7) 24-ші тармақтың төртінші абзацында "коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;

8 8) 29-шы тармақта "Алматы қаласының бюджеті" сөздері "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған тәртіпте, мемлекеттік бюджеттің" сөздерімен алмастырылсын;

3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне ие болады, жарияланған күнінен 10 күн өткенде қолданысқа енгізіледі, 2004 жылдың 9 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Шамсутдиновқа жүктелсін.

Қолданыстағы