О внесении изменений и дополнений в решение Актогайского районного маслихата (XXVII (внеочередная сессия), V созыв) от 20 февраля 2014 года № 106/27 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Актогайского районного маслихата (XXVII (внеочередная сессия), V созыв) от 20 февраля 2014 года № 106/27 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай аудандық мәслихатының (V шақырылған, XXVII (кезектен тыс), сессиясы) 2014 жылғы 20 ақпандағы «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы» № 106/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171/40
- Қабылданған күні
- 23.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2016 87444_Some(107570).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PD004352
- ЭКБ идентификаторы
- 87444
- Редакция идентификаторы
- 87444_Some(107570)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:33
0 Ақтоғай аудандық мәслихатының
(V шақырылған, XXVII (кезектен тыс), сессиясы) 2014 жылғы 20 ақпандағы «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы» № 106/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы» № 106/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 18 наурызында № 3732 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде «Ауыл тынысы» газетінің № 13, «Пульс села» газетінің № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және Ақтоғай ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерінде:
9-тармағы 6) тармақшаның бесінші абзацы «мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылары;» сөздері «мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасылары;» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағы 9) тармақшаның төртінші абзацы «кірісі азық-түлік себеті мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;» сөздері «кірісі күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағы 10) тармақша «адамның иммунотапшылығы қоздырғышын тасымалдаушы және адамның иммунотапшылығы қоздырғышынан туындаған аурудан зардап шегуші тұлғалар» деген абзацпен толықтырылсын;
10-тармағы 2) тармақшадағы екінші абзац алынып тасталсын;
10-тармағы 2) тармақша «осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың Павлодар облысы «Павлодар облыстық ЖҚТБ-нің (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісінің) алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесінде есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы, жеке өтінішінің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;» деген абзацпен толықтырылсын;
11-тармағы 2) тармақшадағы бесінші абзац алынып тасталсын.