Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Майского районного маслихата (XXVII сессия, V созыв) от 24 декабря 2013 года № 1/27 "О Майском районном бюджете на 2014 - 2016 годы"

Өзге акт · № 1/32 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/xxvii-v-24-2013-no-127-2014-2016-ekb-78740/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Майского районного маслихата (XXVII сессия, V созыв) от 24 декабря 2013 года № 1/27 "О Майском районном бюджете на 2014 - 2016 годы" Қолданыста Өзге акт ·№ 1/32 ·27.03.2014
27.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Майского районного маслихата (XXVII сессия, V созыв) от 24 декабря 2013 года № 1/27 "О Майском районном бюджете на 2014 - 2016 годы"

Қолданыста Өзге акт ·№ 1/32 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Майского районного маслихата (XXVII сессия, V созыв) от 24 декабря 2013 года № 1/27 "О Майском районном бюджете на 2014 - 2016 годы"
Атауы (қаз.)
Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXVII сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Май аудандық бюджет туралы" № 1/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/32
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
27.03.2014 78740_165602.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PJ003752
ЭКБ идентификаторы
78740
Редакция идентификаторы
78740_165602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:20

0 Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXVII сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Май аудандық бюджет туралы" № 1/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған ХХVII сессиясы) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған Май аудандық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қаңтарда № 3663 тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы аудандық "Шамшырақ" газетінің № 2 жарияланған) № 1/27 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы