О внесении изменений и дополнения в решение Майского районного маслихата (XXX сессия, V созыв) от 13 марта 2014 года № 1/30 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Майского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Майского районного маслихата (XXX сессия, V созыв) от 13 марта 2014 года № 1/30 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Майского района"
- Атауы (қаз.)
- Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/43
- Қабылданған күні
- 22.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 85407_518760.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PJ004239
- ЭКБ идентификаторы
- 85407
- Редакция идентификаторы
- 85407_518760
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:30
0 Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 «Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 сәуірінде № 3748 тіркелген, аудандық «Шамшырақ» газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
8-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттері, жетім балалар және ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар;»;
9-тармақтың 2)тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацында (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;».