О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXX сессия, V созыв) от 19 июня 2014 года № 231/30 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Солнечный города Экибастуза"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXX сессия, V созыв) от 19 июня 2014 года № 231/30 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Солнечный города Экибастуза"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 231/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 274/32
- Қабылданған күні
- 23.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2022 83671_589905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PC004103
- ЭКБ идентификаторы
- 83671
- Редакция идентификаторы
- 83671_589905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:31
0
Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 231/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
39-3-бабына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106
Қаулысымен
бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
үлгі қағидаларына
сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті ХХХ сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 231/30 шешіміне (бұдан әрі - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3889 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Отарқа» газетінде, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Голос Экибастуза» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 2-тармағындағы «сайлаушыларының» сөзі «кент тұрғындарының» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларының 1-тармағындағы:
«және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу» сөздер алынып тасталсын;
«ауыл» сөзі «көшелер» сөзімен ауыстырылсын.