О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата (внеочередная XXXII сессия V созыва) от 30 апреля 2014 года № 166/32 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата (внеочередная XXXII сессия V созыва) от 30 апреля 2014 года № 166/32 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс XXXII сессия) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 166/32 "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 218/39
- Қабылданған күні
- 23.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2021 84597_528670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PE004181
- ЭКБ идентификаторы
- 84597
- Редакция идентификаторы
- 84597_528670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:14
0 Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс XXXII сессия) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 166/32 "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» № 166/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3790 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 21 «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1–тармақтың төртінші абзацы:
«қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:» түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Д. Тұрғанов
2014 жылғы «7» қараша