О внесении изменений в решение XXXXIV-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 29 июня 2011 года № 450 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение XXXXIV-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 29 июня 2011 года № 450 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 10.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2014 83618_110865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001088
- ЭКБ идентификаторы
- 83618
- Редакция идентификаторы
- 83618_110865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:38
0 ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХІV сессиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 900 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда «Алматы ақшамы» және 2011 жылғы 18 тамызда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережесінде:
«Атақ беру тәртібі» деген 2-тарауда:
24-тармақ алынып тасталсын;
«Атақтан айыру негіздемелері» деген 3-тарау алынып тасталсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Моргуновқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізуші:
Келісілді: