О внесении изменений в решение XXXXX-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 7 декабря 2011 года № 491 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по городу Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение XXXXX-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 7 декабря 2011 года № 491 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по городу Алматы»
- Атауы (қаз.)
- ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 21.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2024 126534_696136.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18R0001518
- ЭКБ идентификаторы
- 126534
- Редакция идентификаторы
- 126534_696136
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:33
0 ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы ставкалар туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 491 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2011 жылғы
31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 101-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
аталған шешімнің қосымшасындағы:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіш)
1.
Көмірсутектер
44,6
2.
Көміртегі тотықтары
14,6
3.
Метан
0,8
4.
Күкірт диоксиды
200
5.
Азот диоксиді
200
6.
Күйе
240
7.
Күкіртсутек
1 240
8.
Меркаптан
199 320
».