Аудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 4-8
- Дата принятия
- 06.03.2008
- Показанная редакция
- 06.03.2008 · действующая 38598_322746.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 06.03.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZI000059
- Идентификатор ЭКБ
- 38598
- Идентификатор редакции
- 38598_322746
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:54
0 Аудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттігі басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімінің ұсынбасына сай аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың 11 шілде 2007 жылғы №35-6 «Қаратөбе ауданы бойынша өз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (тіркеу №7-9-46; 25 шілде 2007 жыл. «Қаратөбе өңірі» газетінің 3 тамыз 2007 жылғы №32 санында жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1 - тараудың 1.3; 1.10; тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
1
1) 1.3.- «Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық кызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі, егер де отбасы құрамында бірге тұратын зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер және оларды күтетін азаматтар, жасы 45 тен асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 50 ден асқан жұмыссыз ерлер, тұл жетім балалар, асыраушысынан айырылғандар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратындар, жеті жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған аналар және жалғызбасты болса, отбасының жиынтық табысының 10 % көлемінде, ал басқа санаттағы азаматтарға отбасының жиынтық табысының 20 % көлемінде белгіленсін»;
2
2) 1.10 - «Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларды, күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларды немесе мүгедектерді күтіп отырған тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі бала күтуші аналарды, туберкулезбен ауыратын азаматтарды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік - кеңестік комиссияның қортындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұратын тұлғаларды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, барлық топ мүгедектері мен зейнеткерлерді, жалғызбастыларды, асыраушысынан айырылғандарды, жұмыс істейтіндерді, жұмыспен қамту қызметіне жұмыссыз ретінде тіркелгендерді, өзін - өзі қамтып отырған азаматтарды және жұмыссыз отырған жасы 45 тен асқан әйелдер мен 50 ден асқан ерлерді қоспағанда еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, әскери кызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ»;
жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ»;
2 2. 1 - тарау мынадай мазмұндағы 1.6 - тармақпен толықтырылсын;
1
1) 1.6 - 1979-1989 жылдардағы Ауғанстан соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлері, 1-11 топ мүгедектерімен және қаза болған жауынгерлердің отбасыларымен бірге тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі табысы есепке алынбай жүзеге асырылып, жылына бір рет тағайындалып төленеді және аталған азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау үшін олардан өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН мен куәлігінің көшірмесі және осы аудан көлеміндегі жергілікті тұратын жерінен сол жерде тұратындығы жөніндегі анықтамасын тиісті орынға тапсырылуы қажет.
Тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлемақы, тұрғын жай иесі немесе жалдаушы екендігіне қарамастан жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға төленеді;
Оларға аталмыш көмек жылына бір рет 24250 теңге көлемінде беріледі.
Шығатын шығындарының пайдалану есебі: Электр қуаты 100 квт х 2,48 теңге х 12 ай = 2976 теңге Салқын су 950 л х 1 адамға х 0,10 тиын х 12 ай = 1080 теңге; Газ баллон 1 дана х 700 х 12 =8400 теңге; Жылу (отын) 36,4 х 36 ш.м =1310,4 кг х 9 теңге = 11793,60 теңге;
барлығы = 24250 теңге
3 3. 2 тараудың 2.4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1
1) 2.4 - отбасының жиынтық табысы құрамына бала тууға берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын, білім қорынан берілетін ыстық тамақ пен киімді және азық - түлік өкімдері бағасының өсуіне байланысты өз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмекті қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтен алатын, отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түрінде алатын табыстары, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы, өтемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрінде алынатын ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыстары кіреді;