18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
ҚАЗ18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
- Наименование (каз.)
- 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 34
- Дата принятия
- 15.01.2007
- Показанная редакция
- 15.01.2007 · действующая 31587_348449.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 15.01.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07NI000059
- Идентификатор ЭКБ
- 31587
- Идентификатор редакции
- 31587_348449
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:14
0 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 30 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2007 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
2 2. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулы басшылыққа алынсын.
3
3. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеу № 9-9-41 2006 жылғы 14 маусымында тіркелген, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 25 (7823) санында жарияланған қаулысының,) Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 184, Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, (2006 жылғы 05 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-45, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 20 казандағы № 40 (7838) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.