Перейти к тексту документа

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Постановление · № 399 · принят 07.06.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1979-1988-2006-ekb-29098/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Действует Постановление ·№ 399 ·07.06.2006
Редакция от 07.06.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 07.06.2006. Это последняя редакция в корпусе.

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Действует Постановление ·№ 399 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Наименование (каз.)
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
399
Дата принятия
07.06.2006
Показанная редакция
07.06.2006 · действующая 29098_248772.kaz
Последнее изменение
07.06.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06VK051144
Идентификатор ЭКБ
29098
Идентификатор редакции
29098_248772
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:19

0 1979-1988 жылдары туған азаматтарды

2006 жылдың көктемінде және күзінде
мерзімді шұғыл әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңынын 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасы, сондай-ақ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18,19,20,21,44 баптарынның негізінде және Заңына сәйкес « Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Зайсан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Н.Н.Тұнғатаров) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырсын.

2 2. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінен (3. Калибеков) сұралсын:

1 1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істері бөлімінде әскери -дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде маман- дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлу;

2 2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;

3 3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз ету;

4

4) әскери -дәрігерлік комиссиясын шыққан бұйрығымен 2005 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық куәландырудан өткізу туралы Ережеге» және «Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери -дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2005 жылдың 4 наурызындағы №100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;

5 5) әскери қызметке шақыру жүргізіліп, емделуге мұқтаж

шақырылушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелерінебекітсін және келесі шақыруға дейін емделулерін қамтамасыз ету.

3 3. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:

Тұнғатаров Нұрмахан Нұрғазыұлы
- аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (өз келісімімен)
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы
- Зайсан ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрағасының орынбасары
Тауасарова Гүлмира Әнуарбеккызы
Комиссия мүшелері:
- аудандық аурухананың жасөпірім - дер дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (өз келісімімен)
Молдаханов Серік Дәлелұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (өз келісімімен)
Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы
- аудандық аурухана медбикесі комиссия хатшысы (өз келісімімен)

4 4. Ауылдық округтер әкімдеріне міндеттелсін:

1 1) іссапарда, демалыста жүрген барлық әскерге шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылушыларға шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;

3 3) әскерге шақырылушыларды шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлсін және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтаудың барлық шараларын сақтасын;

4 4) әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді

салтанатты жағдайда жүргізсін.

5 5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З.Мұхаметкариева) әскерге шақыру

кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға
және өткізуге белсенді қатыссын.

6 6. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөліміне:

1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің азаматтарды

әскерге шақыру іс-шараларының жұмыстарына байланысты іссапар, әскери
қызмет қатарына шақырушыларды аттанар алдында салтанатты шығарып
салу кездерінде сыйлықтар тапсыру және шаралар ұйымдастыру;

2 2) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған

ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу
ақысы;

3 3) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жанар-жағар

май бөлінуі; канцелярлық заттар шығындары;

4 4) әскерге шақыруніыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге

жұмсалған шығындар;

5 5) әскери -дәрігерлік комииссияға, әскерге аттану уақытында

жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісімшартпен, әскерге
шакырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық
қызметкерлерді келісімшартпен жұмысқа қабылдау және жылу беру мерзімі
уақытында от жағушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің
(Н.Тұнғатаров) тапсырысымен келісімшарт бойынша қабылдау аудан
бюджетінде қаралған қаржы есебінен бөлінсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.Жұмағұлов) әскерге шақырылудан

жалтарып жүргендерді іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу, сондай-ақ әскерге
шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде
қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету сұралсын.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің

орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.

9 9. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы «1978-1987 жылдары туған

азаматтарды 2005 жылдың күзінде мерзімді шұғыл әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы» № 3 қаулысының
күші жойылсын.

Действующая