1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 112
- Дата принятия
- 24.04.2007
- Показанная редакция
- 24.04.2007 · действующая 32950_252822.kaz
- Последнее изменение
- 24.04.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VP051635
- Идентификатор ЭКБ
- 32950
- Идентификатор редакции
- 32950_252822
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:44
0 1980-1989 жылдары туған азаматтарды
2007 жылғы көктемгі және күзгі әскери
қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-III Заңының 20,21,23 бабтарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II
Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын, 37 бабының 1,2 тармақшаларын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ :
1 1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2007 жылдыңсәуір- маусым және қазан- желтоқсан айларында өткізілсін .
2.
1980-1989 жылы туған азаматтарды аудан аумағында мерзімді әскери қызметкешақыруды жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын. (№1 қосымша)
3.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Д. Итбаев ) төмендегіжұмыстарды атқару тапсырылсын:
1 1) Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті
дәрігер - мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін
бөлу;
2 2) Азаматтарды флюорографиялық, кардиологиялық және басқа
медициналық талдау түрлерінен өткізуді қамтамасыз ету;
3 3) Медициналық куәландыру және емдеу жүргізетін мекемелерінің
тізбесін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсыну ;
4 4) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы бойынша
жіберілген азаматтарды қосымша тексеріп, емделуін қамтамасыз ету;
5 5) Шақыру учаскелерін қажетті медикаменттермен, құралдармен және
медициналық мүліктермен жабдықтау;
6 6) Азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің тізім - кестесіне сай жүргізу .
4 4. Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі азаматтарды
медициналық куәландыру Ақсуат, Ақжар ауылдарында еткізу ұйымдастырылсын.
5 5. Әскерге шақырушылардың кәсіби деңгейін анықтау тобы құрылсын.
(№2қосымша).
6 6. Аудандық білім бөліміне (Қ. Бейілғожин) Абай атындағы /Ақжар/
және К. Нұрбаев атындағы /Ақсуат/ орта мектептерінде әскерге
шақырылушылардың кәсіби деңгейін анықтау үшін арнайы бөлме және
спорт алаңдарын даярлау міндеттелсін.
7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Е. Сейлханов ) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі мен Ішкі Істер Министрінің 2001 жылғы 12 тамыздағы № 265 және 19 тамыздағы № 638 бірлескен бұйрықтарына сәйкес әскерге шақыру кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен өзара бірлескен іс - қимылын ұйымдастыру, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге ықпал жасау, шақыру учаскелерінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету сұралсын.
8 8. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісіне (А. Түрекенова) 2007 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру науқанын қажетті қаржымен қамтамасыз етсін.
9 9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиев күзгі әскерге шақыру науқанының өту барысы жөнінде аудан әкіміне баяндап отырсын.
10 10. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыз №218 аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 24 сәуір №5-16-15 тіркелген қаулысының күші жойылды деп есептелсін .
11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
12 . Қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлінінің бастығы
Е. Сейлханов
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Д. Итбаев
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлінінің бастығы
А. Қарабиев
16 Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі
№112 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов
17 Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі
№112 қаулысына № 2 қосымша
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов