1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 2818
- Дата принятия
- 26.04.2007
- Показанная редакция
- 26.04.2007 · действующая 33208_378772.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.04.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VM000033
- Идентификатор ЭКБ
- 33208
- Идентификатор редакции
- 33208_378772
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:43
0 1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 заңының 31 бабы тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” № 74 Заңының 18,19, 44 баптарына, «Белгілеген әскери қызмет мерзімін атқарған және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 7 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының, Большенарым ауылы № 38 үйде 1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоксан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2
3 2. Катонқарағай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша):
1 1) ауданның стационарлық емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясының шешімімен жіберілген әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеру үшін резервте ұстау ұйымдастырылсын;
2 2) қосымша тексерулерді шақыру комиссиясы бекіткен мерзімде жүргізуді ұйымдастыру тапсырылсын;
3 3) 2007 жылғы сәуір, қазан айында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің есебі мен жоспарына сай, барлық әскерге шақырылғандарға емдеу мекемелері арқылы медициналық тексеру жүргізу, электрокардиограммаға, флюрографияға түсіруді қамтамасыз ету жүктелсін;
4 4) мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың тізімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсынылғаннан кейін, емдеуді қажетсінетіндерді емдеу мекемелеріне бекітіп, кезекті шақыруға дейін емдеу жүргізуді қамтамасыз ету жүктелсін.
3. Ауылдық округ әкімдеріне:
1 1) әскерге шақырылғандардың шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
2 2) шақыру кезінде, стационарлық бақылау, амбулаториялық тексеру жасау кезінде әскер қатарына шақырылғандар жұмыстан босатылсын;
5 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Л. Ж Тоқсановаға 2007 жылдын сәуір, қазан айларынан бастап кестеге сәйкес шақыру учаскесіне, жұмыссыз ретінде тіркеуге алғандар қатарынан, техникалық қызметкерлер бөлетін болсын.
6 5. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі А. Ш. Елеусізоваға және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қаңтарбаевқа (келісім бойынша):
Президенттік тест нормативтері бойынша шақырылғандарға тексеру жүргізсін;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына жөнелтілгендерді салтанатты аттандырып салуды ұйымдастыру жүктелсін.