1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- 1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 185/9
- Дата принятия
- 06.09.2007
- Показанная редакция
- 06.09.2007 · действующая 35003_287100.kaz
- Последнее изменение
- 06.09.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07PI00043_
- Идентификатор ЭКБ
- 35003
- Идентификатор редакции
- 35003_287100
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:05
0 1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы қыркүйек – желтоқсан айларындағы жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» № 74 Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімі әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді жедел әскери қызметке шақыру туралы» № 318 Жарлығына сәйкес, азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды уақытылы және ұйымшылдықпен өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2007 жылдың қыркүйек – желтоқсан 1980 - 1989 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
2 2. 1980 - 1989 туған азаматтардың Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуі, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарайтын дәрежесін анықтау, иеленген мамандығы мен дене дайындығын белгілеу мақсатында өткізілсін.
3 3. 1980 - 1989 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданы қорғаныс істері Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4 4. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
1 1) 2007 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында кестеге сәйкес жас жігіттердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес медициналық қаралудан үшін. Шақыру комиссияның кестесіне сәйкес. Әскери қызметке шақырылған жас жігіттерді автокөлікпен жеткізілуін ұйымдастырсын.
5 5. Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімінің басшысы (келісім бойынша) шақыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз ету және жастарды әскерге жіберу үшін 1 адамды жіберсін;
2 адамнан тұратын іздеу тобын ұйымдастырсын және апта сайын шақырудан бас тартатын адамдарды іздеу барысы туралы ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөліміне ақпарат беріп отырсын;
шақырушыларды іздеу бойынша шаралар қолданып, (3 тәуліктен асырмай) оларды ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөліміне міндетті түрде әкелсін.
6 6. Осы шешім ресми жарияланған бастап күшіне енсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Лебяжі аудандық
қорғаныс істер жөніндегі
бөлім бастығы Қ.Құсайыновпен
келісілді
Лебяжі аудандық
ішкі істер бөлімінің
бастығы Е.Серікбаевпен
келісілді